Мемлекеттік қызмет агенттігінің БҚО бойынша департаментіне жаңа басшы келді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ұлттық кадр саясаты мәселесі бойынша комиссияның келісімімен және меритократия қағидаттарына сәйкес Мұрат Байсалов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін жаңа басшыны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы Әлібек Ахмедьяров облыс әкімімен, өңір активімен және департамент ұжымымен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, Мұрат Сейлбекұлы 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кадрлық қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік қызмет өткеру басқармасының бас сарапшысы болып бастаған.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 11жылдан асады.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанның бас сәулетшісі тағайындалғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар