Мемлекеттік қызмет 100 пайыз смартфонмен қолжетімді болады – Жолдау

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Жолдауында қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызмет толықтай смартфон арқылы қолжетімді болатындығы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымен Цифрлық Үкіметті қайта қалыптастыру мәселесі тұр. Мемлекеттік сектордың барлық IT бастамалары жаңа платформаға негізделеді. Отандық IT саласы басқалардан қайталауды қойып, ондағы өтеусіз шығын мен бюрократияны жою керек. Халық үшін мемлекеттік қызмет 100 пайыз смартфонмен қолжетімді болады», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау барысында.

Айта кетейік, бұған дейін Президент жоғары санатты отандық IT мамандарды әзірлеуді тапсырған еді.

«Цифрландыру туралы ұлттық жоба аясында кем дегенде 100 мың жоғары санатты IT маман әзірлеуіміз керек. Экспорттық және цифрлық сала бойынша тауар қызметі 2025 жылға қарай кем дегенде 500 млн АҚШ долларына жетуі тиіс. Мемлекеттік секторды цифрландыруда осы және өзге де міндеттерді қайта қарастыру қажет. Бұл жердегі басты мәселе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде интеграцияның жоқтығы. Бұл сұрақ шұғыл шешім мен күрделі өзгерісті талап етеді», - дегентұғын Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар