Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тағы басқа Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Әлиханұлы Жүсіповке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқару жүктелді.

 

  

 

Соңғы жаңалықтар