Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
15:06, 18 Мамыр 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.