Мемлекеттік құрылым түбегейлі өзгереді – Мәжіліс төрағасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұған дейін бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституциялық реформа саяси жаңғырудың негізін қалады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін еліміздің болашағын айқындайтын, мемлекеттік құрылымды жаңаша қалыптастыратын өте маңызды шешім қабылдадық. Қазақстан - жаңа саяси дәуірге қадам басқалы тұр. Біз сол алғашқы қадамын бастадық. Бұған дейін бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған конституциялық реформа саяси жаңғырудың негізін қалады. Ал бүгін қабылданған шешім сол реформалардың нүктесін қойып, мемлекетіміздің жаңа саяси модельге көшуіне жол ашады», - деді Е. Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Осы орайда ол еліміз демократияға қарай нық қадам басқанын атап өтті.

«Мемлекеттік құрылым түбегейлі өзгереді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың маңайына топтасып, әділетті қоғам құрып, ел байлығының халыққа теңдей бөлінуіне жаңдай жасап, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттырып, бейбіт әрі берекелі өмірдің орнығуын қамтамасыз етіп отырмыз», - деді Мәжіліс төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.


Видеодан алынған кадр





Соңғы жаңалықтар