+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тиімділігі артады - Сенат

2019 жылғы 7 қараша 12:23
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тиімділігі артады - Сенат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дариға Назарбаева ерекше актерлер театрының жас әртістерімен кездесті Дариға Назарбаева мен Дмитрий Казанцев Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады Ауыл шаруашылығы машинасын жасауға арналған салалық бағдарлама қажет - сенатор

Заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын жетілдіру мақсатында әзірленді. Осы орайда қызметтерді алуды жеңілдету, оның ішінде қызмет алушыға сұрау салынып, ұялы байланыстың абонеттік құрылғысы арқылы қызмет көрсетушінің бастамасы бойынша ұсынылатын қызмет көрсетудің проактивті тәсілін енгізу жолымен жеңілдету көзделеді.

Заң жобасымен мемлекеттік органдардың жаңа мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету жөніндегі құзыреті толықтырылды.

Атап айтқанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау кезіндегі мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдері нақтыланды. Сонымен қатар, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу қызметтері оңтайландырылады.

Мәжіліс депутаты Майра Айсинаның айтуынша, композит нақты өмірлік жағдай туындаған кезде адамның бір өтініш арқылы бірнеше өзара байланысты қызметтерді алуына мүмкіндік береді. Осы орайда зейнеткерлерге өз зейнетақысын алу үшін әртүрлі мекемелерге барып, әрқайсысы 3-7 және одан да көп құжаттан тұратын үш бөлек құжаттар пакетін дайындау қажеттігіне жол берілмейді.

Енді электрондық өтініштен кейін жеке кәсіпкерлікті тіркеу бір сағатта іске асырылады.

Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болғызбайды және бизнеске қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осы орайда электрондық форматқа көшіру әрі құжаттар тізбесін оңтайландыру көзделген.

«Нәтижесінде, жеке кәсіпкерлікті тіркеу электрондық өтініш берілген кезден бастап қазіргідей бір күн емес, бір сағаттың ішінде жүзеге асырылатын болады», - деді Майра Айсина.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT