Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау тәртібі өзгермек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізілмек. Ұсылып отырған құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген Қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы Үкіметтің тиісті қаулысының жобасына сәйкес, тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі. Қорғаныстық тапсырысты нақтылау республикалық бюджет нақтыланған жағдайда немесе түзетулер кезінде жүргізіледі», - делінген жаңа редакцияда.

Айта кетейік, қолданыстағы қаулыға сәйкес, қорғаныстық тапсырыс ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілмейтін еді. Сонымен қатар, оған бөлінетін қаражатты нақтылау жылына 2 рет жүргізілетін. Ұсынылып отырған редакцияда бұл нормалар алынып тасталған.

Қаулыны ашық талқылау 6 желтоқсанға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар