Мемлекеттік қолдау шаралары нарықтық механизмдерге жол беруі керек – Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келешекте Ұлттық қордың қаржысын пайдалануды ең төменгі шекке дейін қысқарту керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің есебін қабылдаған кезде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемия кезінде Үкімет менің тапсырмам бойынша жалпы экономиканы, оның ішінде, шағын және орта бизнесті қолдау үшін теңдессіз шаралар қабылдады. Құны 15 миллиард доллар болатын дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы жүзеге асырылды. Әрине, мемлекеттің бизнесті үнемі қаржыландыра алмайтынын түсінген жөн. Ұлттық банктің белсенді атсалысуы экономикалық белсенділік пен екінші деңгейдегі банктердің белсенділігін қайта қалпына келтіруге ықпал етуі тиіс. Сондықтан несиелеудің жеңілдетілген бағдарламасының аяқталуына орай мемлекеттік қолдау шаралары нарықтық механизмдерге жол беруі керек. Мұны әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере отырып, біртіндеп атқару қажет, – деді Президент.


Соңғы жаңалықтар