Мемлекеттік кірістер органдары барлық тексерулерді 1 ақпанға дейін тоқтатты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары бастаған барлық тексерулер тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары бастаған және ұйымдастыратын салықтық және кедендік тексерулерді, сонымен бірге тауарлар шыққаннан кейінгі кедендік және басқа құжаттар мен мәліметтерді тексерулер уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Осылайша, 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары бастаған барлық тексерулер тоқтатылады. Сонымен бірге аталған мерзімге дейін мемлекеттік кірістер органдары жаңа тексерулерді тағайындамайды. Алайда, мұның кәсіпкерлік субъектілерінің өтініші бойынша құқық қорғау органдары тағайындайтын тексерулерге қатысы жоқ.

«Сондай-ақ 2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау жүргізуді, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша камералдық бақылау бойынша хабарламалар мен салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды қалыптастыруды уақытша тоқтатты», - деді Мемлекеттік кірістер комитетінен.


Соңғы жаңалықтар