Мемлекеттік кірістер органдары 107 кәсіпкерді заңсыз жауапқа тартқан

None

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік кірістер органдары ескіру мерзімдерінің өтуіне қарамастан (ӘҚБтК-нің 62-бабы 1-т.) Қазақстан Республикасының Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу бойынша (ӘҚБтК-нің 92-1-бабы) 107 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқаны анықталды.

Прокуратураның жедел шаралары бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күші жойылып, жол берілген бұзушылықтар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп жазды Бас прокуратурадан.

Сонымен қатар, прокуратура жанынан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейтінін еске саламыз.

Егер сіз заңсыз тексеруге, қызметіңізге араласуға немесе мемлекеттік органдар тарапынан қысымға тап болсаңыз, тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына (+77051291140) дереу хабарласуыңызды сұраймыз.


Соңғы жаңалықтар