Мемлекеттік кірістер комитеті пәтерді жалға беруге қатысты заң нормаларын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті мүлікті жалға беруге қатысты заң нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің түсіндіруінше, Қазақстанның Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 35-бабының 3-тармағының 1 және 2-тармақшаларына сәйкес жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген кірістерді, оның ішінде кірістер төлем көзінен салық салуға жататын, мүліктік табысты алған кезде жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.

Бұл ретте, Кәсіпкерлік кодекстің 35-бабының 4-тармағына сәйкес БЖТ төлеушісі деп танылған жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге де құқығы бар.

Сонымен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 774-бабы қолданысқа енгізілді, ол жеке тұлғалардың жекелеген санаттарына жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Салық кодексінің көрсетілген бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұдан әрі - БЖТ) жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбаған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімді қоспағанда, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өзі өндірген жеке қосалқы шаруашылықтың ауыл шаруашылығы өнімін сататын жеке тұлғалар танылады», делінген хабарламада.

Бұл ретте, Салық кодексінің 774-бабының 3-тармағына сәйкес БЖТ төлеушілері ретінде танылмайды:

коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің аумағында, оның ішінде меншік, жалға алу, пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығындағы көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беретін тұлғалар;

жеке практикамен айналысатын адамдар; оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар; жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен адамдар.

БЖТ төлеушінің күнтізбелік жылдағы табыс мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 1 175 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

«Салық агенттері тұрғын үйді жалға берген жағдайда Салық кодексінің 350-бабының 1-тармағына сәйкес Енгізу туралы заңның 33-бабында айтылған қолданыстағы редакцияда жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және бюджетке төлеуді төлем көзінен салық агенті осы Кодекстің 321-бабының 1 – 12, 17-тармақшасында көрсетілген кірістер бойынша, егер мұндай кірістерді аталған салық агенті төлеуге тиіс болса (төлесе), жүзеге асырады», делінген хабарламада.

Тұрғын үйді жеке тұлғаға жалға берген жағдайда Салық кодексінің 330-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Енгізу туралы заңның 33-бабында айтылған қолданыстағы редакцияда жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік кірісіне, сонын ішінде дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға мүлікті салық агенті болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кіріс жатады.

Салық кодексінің 363-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Енгізу туралы заңның 33-бабында айтылған қолданыстағы редакцияда декларацияны жеке табыс салығы бойынша салық төлеушілер - резиденттер, соның ішінде, мүліктік табыс алған жеке тұлғалар ұсынады.

Аталмыш бапта Салық кодексінің 320-бабынның 1-тармағына сәйкес Енгізу туралы заңның 33-бабында айтылған қолданыстағы редакцияда осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынатыны белгіленген.

Жеке тұлға 2019 жылы мүліктік табыс алған жеке тұлғаға пәтерді жалға берген жағдайда, «Салық есептілігі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) тапсыру және 2020 жылғы 10 сәуірге дейінгі 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығын төлеу жөніндегі міндеттеме туындайды.

Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер тұрғын үйді жалға берген жағдайда «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 681- бабы 1-тармағына сәйкес қолданатын салық төлеушінің салық салу объектісі үшін патент негізінде арнаулы салық режимі немесе оңайлатылған декларация салық кезеңінде алынған табыс болып табылады.

Осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін айқындалатын кіріс Салық кодексінің 681-бабының 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде (осы баптың 6-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулерді ескере отырып), алынған кірістер түрлерінен, соның ішінде тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден, оның ішінде роялти, кіріс мүліктік жалдауға (жалға алуға) және мүлікті сатудан түскен кірістерден тұрады.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі (бұдан әрі - ОД) Салық кодексінің 77-тарауының 3-параграфымен регламенттелген.

Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар жөніндегі патент бойынша салықтарды есептеуді салық төлеуші есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді. Есептеу қағазда немесе электрондық түрде, оның ішінде «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жеке кәсіпкерлер 911.00 «Патент құнын есептеу» нысаны бойынша ұсынады. Патент құнында көрсетілген салықты бюджетке төлеуді салық төлеуші есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар