Мемлекеттік кірістер комитеті: Айыппұл туралы жалған хабарламадан сақ болу керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде мессенджерлер арқылы жеке тұлғаларға салықты уақтылы төлемегені үшін айыппұл салынатыны туралы хабарламалар таралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті таратылып отырған хабарламалардың шындыққа жанаспайтынынын мәлім етті. ҚР ӘҚБжҚ туралы кодексінде мүлік салығын, жер салығын және көлік салығын уақтылы төлемегені үшін жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі көзделмеген. Салықтарды уақтылы төлемеген жағдайда айыппұлдың алынатыны туралы еске саламыз. Сонымен қатар, 2018 жылы жеке тұлғалардың мүлік салығын, жер салығын төлеу мерзімі - 2019 жылғы 1 қазанға дейінгі уақыт. Осы жылы 2017 жылға есептелген салықтар бойынша төлем жасау қажет», - делінген хабарламада.

Комитет 2018 жылғы көлік салығын төлеудің соңғы мерзімі - 2018 жылдың 31 желтоқсаны екенін еске салады.

«Салық берешектері пайда болған жағдайда келесі шаралар қолданылатыны туралы естеріңізге саламыз. Салық кодексінің 24-бабына сәйкес 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап банктер салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шотты ашудан бас тартуға міндетті. Осы норма заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға тарайды. Егер берешек 1 АЕК (2405 теңге) мөлшерінен асатын болса, хабарлама табыс етілген күнінен 30 жұмыс күн өткен соң салықтық берешекті төлемеген жағдайда салық органы салықтық бұйрық шығарады және оны орындау үшін сот орындаушыға жолдайды», - деп ескертеді комитеттің баспасөз қызметі.

Бұдан кейін салықтық берешекті өндіріп алу шараларын сот орындаушы заң шеңберінде жүзеге асырады.

«ҚР-дан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы атқарушылық құжаттың мазмұнында 20 АЕК-тен (48 100 теңгеден) астам сомадағы талаптарды борышкер орындамаған кезде сот орындаушысымен шығарылады. Сот орындаушылармен Қазақстаннан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығарылған борышкерлер тізімі Әділет министрлігінің сайтында орналасады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жоғарғы соттың ұсынысы бойынша салық органдарының талаптарының даусыздығын ескере келе, салық органының жеке тұлғаның мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінуі алынып тасталған. Бұл ретте салық төлеушіге тиісті хабарлама жолданады, ал салық берешегін өтемеген жағдайда сот орындаушыға мәжбүрлеп орындау үшін табыс етілетін салық бұйрығы шығарылады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар