Мемлекеттік кірістер департаментінің пара алған қызметкері жеңіл жазамен құтылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 3 миллион теңге парамен ұсталған мемлекеттік кірістер департаментінің 36 жастағы бас маманына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің дерегі бойынша  2017 жылдың 15 қарашасында Көкшетау қаласында түсті металлдарды экспортқа шығарумен айналысатын компанияның басшысынан пара алған Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің бас маманы, аға офицер Б.Баякенов ұсталған болатын.

Сотта анықталғандай қызметтік міндетін асыра пайдаланған экономикалық тергеу қызметінің бас маманы аталмыш ЖШС директорынан түсті металлды экспортқа шығаруға рұқсат беретін лицензияны заңсыз талап  еткен. Ол болмаған жағдайда ҚР ҚК-нің  214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік қызмет, заңсыз банктік немесе коллекторлық қызмет) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын, өз еркімен мемлекетке шығынды өтеген кезде 5 мың айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл төлейтіні немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылатынын айтып қорқытып, 5 миллион теңге ақша бопсалаған.

Артынша оны ЖШС директорынан 3 миллион теңге ақшаны қолма қол алғанда сәтінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері ұстады.

Көкшетау қалалық соты айыпталушы Б.Баякеновті ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі 1,2 тармақшасы бойынша жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танып, 4  жылға пробациялық бақылау белгіледі.

Соңғы жаңалықтар