Мемлекеттік кірістер департаментіне қатысты шағымдар WhatsApp арқылы қабылданады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне WhatsApp арқылы шағым түсіре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенім телефонын қалалық МКД ішкі қауіпсіздік бөлімі ұсынып отыр. Бұл байланыс сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге бағытталған.

Енді кез-келген азамат МКД лауазымды тұлғаларының заңға қайшы әрекеттері туралы хабарламаларды +7 707 413 59 22 нөміріне немесе [email protected] поштасына жібере алады.

Соңғы жаңалықтар