+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Мемлекеттік қарыз бойынша қаражатты игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі - министр

2021 жылғы 21 сәуір 10:12
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік қарыз бойынша қаражатты игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарызға алған қаражатты белгіленген мерзімде игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы құжатты қарау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
VIP-нөмірден бюджетке түсуі тиіс ақша қайда – Жамаубаев жауабы Жамаубаев: Бюджетті жоспарлауда электронды жүйенің екінші кезеңі енгізіледі Жекешелендіру: Мемлекеттің экономикадағы үлесі 15 пайызға дейін қысқарды

«Мемлекеттік қарыз алуды жетілдіру аясында қарызға алған қаражатты белгіленген мерзімде игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға үшінші тұлғалар үшін борыштық міндеттемелерді қабылдауға тыйым салынады», - деді министр.

Оның айтуынша, заң жобасында нақтылау сипатындағы түзетулер де көзделген.

«Республикалық бюджетті нақтылау жағдайлары айқындалатын болады. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының мазмұнын нақтылау көзделеді. Заң жобасын қабылдау, бюджеттік рәсімдерді жетілдіруге және бюджетті атқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Әсет Ерғалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Құжатта бюджеттік тәуекелдер мен мемлекеттік қаржының тұрақтылығы туралы есепті жыл сайын Парламентке республикалық бюджеттің жобасымен енгізу ұсынылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT