«Мемлекеттік инвестициялық жобалар» модулі іске асырылады - Жамаубаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Мемлекеттік инвестициялық жобалар» модулі іске асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін дамыту бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз. Жоба аясында «Мемлекеттік инвестициялық жобалар» модулі іске асырылатын болады. Ол мемлекеттік инвестициялық жобалардың құжаттамасын қалыптастыруға және мемлекеттік органдармен келісуге арналған. Мемлекеттік сатып алу жоспарларын автоматты түрде қалыптастыру үшін мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін мемлекеттік сатып алу порталымен интеграциялау іске асырылатын болады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, бұдан басқа, мемлекеттік сатып алудың деректері бойынша төмен бағаларды анықтау және шығындар нормативтерінің анықтамалығын өткізу жоспарлануда. Осы деректердің негізінде жүйеде форматтық-логикалық бақылауды орнату көзделеді.

«Бюджет бағдарламаларының әкімшілері бюджет қаражатын тиімді жоспарлауы мен пайдалануы үшін «Мемлекеттік қолдау шаралары тиімділігінің мониторингі» жүйесінің нәтижелерін пайдалануы қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік шығыстардың көлемі мен тиімділігін бақылаудың неғұрлым пәрменді тетіктерінің бірі жедел бюджеттік мониторингті қамтамасыз ету болып табылады. Ол стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Бұл бұзушылықтарға жол бермеумен қоса басқарушылық шешімдерді уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар