Мемлекеттік хатшының төрағалығымен Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

None
None
ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Жиын барысында Мемлекеттік хатшы Қ. Саудабаев комиссия отырыстарының қорытындысы мен оның қызметі Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін арттыра түскенін атап өтті. Қазақстанның ядролық қауіптерді таратпау мен төмендетудегі Мемлекет басшысының баршаға танылған көшбасшылығы нығая түскенін де жеткізді. Атап айтқанда Мемлекеттік хатшының айтуынша, комиссияның белсенді қатысуымен бірқатар халықаралық жобалар жүзеге асқан. Мәселен, Ақтау қаласындағы БН-350 реакторынан пайдаланылған ядролық отынды тасымалдау халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаға ие болды. 2010 жылғы сәуірде Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитіне АҚШ басшысының шақыртуымен Президент Н.Назарбаевтың қатысуы да аса нәтижелі болды. Семей сынақ алаңын жабудың 20 жылдығы шеңберінде «Ядролық қарусыз әлем» атты халықаралық форум да Қазақстанның абыройын асқақтатты. Сонымен қатар, осындай ауқымды іс-шаралардың арқасында Қазақстанның Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтастығы жемісті жалғасып келеді. Комиссия отырысы барысында Мемлекеттік хатшы осынау игі шаралардың әрқайсысына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жиында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешевтың, Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың хаттамалық тапсырмалардың атқарылуына байланысты баяндамалары тыңдалды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимін нығайтуларға байланысты тапсырмалар берілді. Қазақстанның 2012 жылдың наурызында Сеул қаласында өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке лайықты қатысуына әзірліктер бойынша тапсырмалар да жүктелді.

Соңғы жаңалықтар