Мемлекеттік хатшы ұлттық тарихқа қатысты таяу болашақтағы жұмыстардың басымдықтарын атады

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин таяу болашақтағы жұмысты басымдықтарын атап өтті.

«Жаңа тарих мәселелері бойынша зерттеулердің тақырыптық аясын кеңейту керек. Олардың арасында біздің мемлекетіміз бен қоғамымыздың өтпелі кезеңінің көзге түсер ерекшелігі ретіндегі үш еселенген транзит; мемлекеттік менеджмент пен стратегиялық басқару жүйесі; мемлекеттік құрылыстың жүріп өткен әр белесіндегі әлеуметтік-саяси үдерістер; қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымы; жаһанданудың ұлттық мәдениетке ықпалы және басқа да көкейкесті тақырыптарды бөле айтуға болады», - деді Мемлекеттік хатшы. Бұдан бөлек, М. Тәжин мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделі, Мемлекет басшысы тұлғасының ұлттық тарихтың жаңа белесіндегі рөлі ғылыми тұрғыдан байсалды пайымдауды қажет ететінін атап өтті. «Біз пәнаралық зерттеулерді жүзеге асыруда сілкініс жасауға тиіспіз. Біз зерттеушілік құралдары мен жұмыс тәсілдерін түбегейлі жаңартуға: болашаққа байланысты үрдістерді айқындау үшін тарихи модельдеу мен болжамдау құралдарын батыл қолдануға тиіспіз», - деді М. Тәжин.

Соңғы жаңалықтар