Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев Францияның Сыртқы және еуропалық істер министрімен кездесті

None
None
анның 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Француз Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Бернар Кушнермен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Қазақстан Президенті мен Франция Президентінің кездесулері барысында әңгімеге арқау болған мәселелерді ары қарай талқылап, түрлі салалардағы ынтымақтастық бойынша пікір алмастық. Әрине, Француз делегациясының Астанаға сапары аса маңызды әрі жемісті шара болып табылады. Сонымен бірге, Астана төрінде қол қойылған көптеген келісімдер екі мемлекет үшін ең алдымен сауда-экономикалық қатынастардың ауқымына жақсы әсер етеді деп ойлаймын», деді Б. Кушнер кездесуден соң журналистермен өткен брифингте. 

Өз кезегінде ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қазақстан мен Франция басшыларының бүгінгі күнгі келіссөздері елдер арасындағы ынтымақтастыққа қуатты серпін беретінін атап өтті.  «Әріптесіммен кездесу барысында екі ел лидерлерінің бастамаларын жүзеге асыру үшін ауқымды шараларды атқару қажеттігі жайында сөз болды. Әсіресе, Франция тарапының  Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне көп қолдау жасап, үлкен көмектер көрсетуге қатысты ниеті үшін алғысымды айтқым келеді. Сондықтан да біздің ендігі міндетіміз айқын, тек нақты жұмыстар атқару ғана қалды», деді Қ. Саудабаев.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі күні Қазақстан мен Франция арасындағы өзара байланыстың жаңа кезеңіне жол ашылып отыр. Мәселен, 2008 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы өзара сауда-саттықтың көлемі 6 млрд. доллардан асқан. Бұл Қазақстанның Еуроодақ елдерімен тауар айналымының 20 пайызын құрайды. Қазақстан экономикасына салынған француздық инвестицияның жалпы көлемі 5 млрд. доллардан асқан. Өз кезегінде Қазақстан Франция экономикасына 3 млрд. доллардан астам инвестиция салды.

Соңғы жаңалықтар