+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Мемлекеттік хатшы: Осы заманғы тарихтың толғақты мәселелерін зерттеуді күшейту керек

2021 жылғы 15 қазан 11:14
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік хатшы: Осы заманғы тарихтың толғақты мәселелерін зерттеуді күшейту керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жазушы, белгілі ғалым, алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдығына арналған «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, сөз сөйледі.

Ұқсас жаңалықтар
Спортшы Нұрислам Санаев «Жомарт жүрек» медалімен марапатталды ҚР Президенті Швейцарияда қазақтың көне жәдігерлері сақталған музейді аралады Нұрсұлтан Назарбаев жастардың есіне Алаш өсиетін салды

Бұл туралы ҚазАқпаратАқорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қырымбек Көшербаев Тұрсын Жұртбайдың жазушылық, шығармашылық жолына тоқталып, оның ғалым ретінде атқарған ауқымды жұмысын атап өтті. Мемлекеттік хатшы ғалымның екі томдық «Дулыға» тарихи-танымдық кітабының берер тағылымы мол екенін, Ұлы Абай, данышпан Мұхтар туралы зерттеулеріндегі ойларының өміршеңдігін айтып, «Бейуақ», «Бесігіңді түзе!..», «Талқы», «Мухтар Омарханович Ауэзов», «Құнанбай», «Сүре сөз» еңбектерінің ғылыми құндылығы аса жоғары деп баға берді.

Ал 1922-1937 жылдар аралығындағы, 50-жылдардағы ұлт зиялыларын қудалау, қуғын-сүргінге ұшырату туралы, «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметі басшылары мен мүшелерінің үстінен жүргізілген тергеу істерінің негізінде «Ұраным – Алаш!..» атты үш томдық зерделі зерттеуінің шығуы рухани дүниемізге үлкен серпіліс әкелді.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Мемлекеттік хатшы тарихқа қатысты бірқатар ойын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Соның негізінде тарихи ілім-білімнің біржақты көзқарастарынан арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасауды, ежелгі және орта ғасырлар тарихына баса назар аударуды ұсынды. Бұдан бөлек Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихын қайта пайымдаудың, еліміздің осы заманғы тарихының толғақты мәселелерін зерттеуді күшейтудің, қазақ диаспораларының тарихын зерделеудің маңызды екеніне тоқталды.

Конференцияға ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, ҚР Президентінің баспасөз-хатшысы Берік Уәли, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және еліміздің белгілі ғалымдары қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT