Мемлекеттік хатшы мен НАТО өкілі Н. Назарбаевтың Брюссельге сапары жайын талқылады

None
None
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев НАТО Бас хатшысының Кавказ және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Роберт Симмонспен кездесті.

«Кездесу барысында біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына қатысты мәселелерді, Қазақстан мен НАТО арасындағы екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың алдағы уақытқа Брюссельге жоспарлаған сапары жайын талқыладық. Бұл сапары барысында Н. Назарбаев Бельгия үкіметімен, Еуропалық одақ басшыларымен кездесуі, сосын НАТО штаб-пәтерінде болуы жоспарланған. Біз осы сапарды асыға күтудеміз», деді жүздесуден соң журналистерге берген сұхбатында Р. Симмонс.

Сонымен бірге, мәртебелі мейман әңгіме барысында қырғыз еліндегі жағдайдың да талқыланғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Брюссельге сапары ағымдағы жылдың күзіне жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар