Мемлекеттік хатшы: Маусым - рәміздер айы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

«Осы жылдың наурыз айында Елбасы Жарлығымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы бекітілген болатын. Соған орай жұмыс жоспары қабылданды. Аталған жоспарға, тұжырымдамға сәйкес, маусым айы рәміздер айы деп саналады. Сондықтан, осы айда рәміздерімізді терең насихаттап, жүргізген жұмыстарымызды көрсетуіміз керек», - деді отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы.

Отырыста ҚР Ішкі істер министрлігі, сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Комиссия мүшелерінің тарабынан аталған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысына жан-жақты талдау жасалды.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларының назары мемлекеттік рәміздер туралы заңнамалардың бұзылуына жол бермеу, оның ішінде үнемі бақылауды қамтамасыз ету, құқықтық қолдану тәжірибесін жаңғырту, сонымен бірге мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау саласын бақылауды күшейту мәселеріне аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Соңғы жаңалықтар