Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бірқатар ғылыми мекемелерге барды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы бірқатар ғылыми-зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарында болып, аталған мекемелердің қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің, Еуразиялық интеграция институтының, Орталық коммуникациялар қызметінің, Қазақстандық қоғамдық даму институтының, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының және Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұжымдарымен кездесіп, онда еліміздегі этносаралық келісім, білім, ғылым, ақпарат салаларында атқарылып жатқан мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдары туралы айтты.

Сондай-ақ, Қырымбек Көшербаев Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болып, оқытушы-профессорлар құрамымен кездесу өткізді және аталған білім ордаларының оқу бағдарламаларымен және материалдық-техникалық базасымен танысты.

Соңғы жаңалықтар