Мемлекеттік хатшы қазақтардың номадтық өркениетін зерттеу саласында ғылыми зерттеулер бағдарламасын дайындауды тапсырды

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Еуразия ұлттық университетіндегі жиын барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин қазақтардың номадтық өркениетін зерттеу саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағдарламасын дайындауды тапсырды. Еске салсақ, Мемлекеттік хатшының төрағалығымен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өткен болатын.

Кеңес барысында сөз сөйлеген Марат Тәжин орталықазиялық номадтық (көшпенділер) өркениетін зерттеудің маңыздылығына ерекше тоқталды. «Қазіргі таңда ол өркениеттің сақтаушысы қазақ ұлты болып отыр. Қазақ этносының археологиясын, антропологиясын, этнографиясын, фольклорын, мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеуге күш сала отырып, қазақтардың номадтық өркениетін зерттеу саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағдарламасын дайындауды тапсырамын», - деді Мемлекеттік хатшы. М. Тәжиннің айтуынша, бізге Орталық Азия өңірінің тарихы мен тұтастай алғанда жалпы тарих туралы өзіміздің, ұлттық пайым-түсінігімізді қалыптастыра бастау мәселесін қарастырған орынды.

Соңғы жаңалықтар