+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Мемлекеттік хатшы Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновқа «Отан» орденін табыс етті

2021 жылғы 8 қазан 11:38
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік хатшы Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновқа «Отан» орденін табыс етті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың екі дүркін иегері Досхан Жолжақсыновқа «Отан» орденін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында мәдениет үйі пайдалануға берілді ҚХА мүшелері қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап жатыр Нұр-Сұлтанда Әбу Насыр әл-Фарабиге ескерткіш қойылды

Бұл мәртебелі марапат танымал актерге ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытудағы айрықша үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілді.

Шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, композитор Төлеген Мұхамеджанов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, мәдениет пен өнер қайраткерлері қатысты.

«Құрметті Досхан Қалиұлы, Сіздің сан қырлы шығармашылығыңызды елімізде білмейтін адам жоқ шығар. Қаршадайыңыздан қазақ руханиятына қызмет етіп, елдің есінде, жұрттың санасында мәңгілікке сақталатын рөлдерді сомдадыңыз. Сондықтан сіздің театр сахнасы мен кино экранында шоқтығы биік кейіпкерлерді бейнелеген актерлік шеберлігіңізге, нақышымен ән орындау өнеріңізге тәнті болған өнерсүйер қауым мен қарапайым көрермен өте көп. Кинорежиссер ретінде «Біржан сал», «Құнанбай» секілді кесек дүниелерді түсіріп, ұлттық кинематографиямыздың дамауына сүбелі үлес қостыңыз»,- деді Қырымбек Көшербаев.

Салтанатты рәсімде Мемлекеттік хатшы Досхан Жолжақсыновты 70 жасқа толған белесіне орай ізгі тілегін жеткізіп, Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың мерейтой иесіне жолдаған құттықтауын оқып берді.

Досхан Қалиұлы 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген.

1969 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтына (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) оқуға түсті.

1972 жылы Қазақ жастар мен балалар театрында актер болып, кейін сол театрда директор қызметін атқарды.

Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам рөлді сомдаған.

Сонымен қатар халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал.

Досхан Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және басқа фильмдерге түскен.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT