Мемлекеттік хатшы Қазақстан халқы Ассамблеясының даму бағыттарын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан халқы Ассамблеясының даму бағыттарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ассамблея бұдан әрі де қоғамық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың жүйеқұраушы институты әрі негізгі элементі ретінде дамуы керек. Бірінші кезекке Ассамблея жұмысын қоғамдық бұқаралық коммуникация тетігі ретінде қамтамасыз ету міндеті шығып отыр. Ол үшін қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер әлеуметтік ақпараттың кең ауқымды алаңдарына шығуы керек. Сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы қоғамдық сананың тәуелсіздікке тірек болатын бірлік мәселесіне трансформациялануын қамтамасыз ету қажет», - деді Қырымбек Көшербае ҚХА кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, ол қоғамның құрылымындағы этникалық алуандықтың жағымды тәжірибелерін енгізіп, жағымсыз стереотиптерді жоюдың маңызына тоқталды.

«Бәрінен бұрын Ассамблеяның 29-сессиясында белгіленген бірегейлік пен бірлікті дамытудың жаңа кезеңінде мемлекеттік саясат қағидаттарын түсіндіру және енгізу жөніндегі, сондай-ақ осы салада халықты кеңінен ағарту жөніндегі жүйелі жұмысты ұйымдастыру қажет», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.


Соңғы жаңалықтар