Мемлекеттік хатшы: Қазақ ұлтының қалыптасу үдерісі жеткілікті түрде зерттелмей отыр

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Қазақ ұлтының қалыптасу үдерісі жеткілікті түрде зерттелген емес. Бүгін Елордадағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлім етті.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, бүгінгі Қазақстан территориясының ауқымды бөлігі бір жылдары қазақ ұлтын қалыптастырған тайпалардың тарала орналасуын айғақтайды. «Онда да сөзсіз бұндай тайпалар XV ғасырда бір сәтте-ақ бір ғана ұлт болып топтаса, қалыптаса қоймағаны әбден айқын. Қазақ ұлтының қалыптасуы - бір ғана мыңжылдықтарды қамтитын үдеріс емес. Алайда, бұл жеткілікті түрде зерттелмей отыр», - деді М. Тәжин.

Бұл ретте Мемлекеттік хатшы «Дешті қыпшақ» даласындағы ежелгі мемлекеттердің құрылуы мен ыдырауы, түркі, қыпшақ халықтарының таралу ауқымы секілді күрделі әрі ауқымды тақырыптарды ғалымдар жаңа әдістемелік позиция тұрғысынан әлі де қарастырмағанын атап өтті. «Осы тұрғыдан алғанда біз сақ мәдениетін, оның ішінде Арал маңын мекендеген массагеттерді, Жетісу жерінде өмір сүрген сақтарды, Алтайдағы ұлы тайпаларды жүйелі түрде зерттеуге тиіспіз. Мұнда классика дәуіріндегі еуропалық авторлардың ғана туындыларын оқып, соларға сүйену жеткіліксіз», - деді Мемлекеттік хатшы.

Соңғы жаңалықтар