Мемлекеттік хатшы ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары К. Воллебекті қабылдады

None
None
ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебекті қабылдады.

Кездесу барысында этникалық қатынастар мен аз ұлттар құқығын қорғауды үйлестіру саласындағы Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселесі талқыланды. ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының ұсынысын ескере отырып, Қазақстанда соңғы жылдары қоғамды одан әрі топтастыруға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, мемлекеттік органдардың этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылының тиімді жүйесін құруға, аз ұлттар тілдерінде білім жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар жобалар іске асырылғаны атап өтілді.

Сондай-ақ, әңгіме барысында, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010 жылғы жемісті төрағалығына ерекше мән беріліп, Президент Н.Назарбаевтың көшбасшылығымен Астанада Төзімділік пен кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғарғы деңгейдегі конференциясы және аталмыш ұйымның жаңа мыңжылдықтағы тарихи алғашқы саммиті секілді маңызды оқиғаларға назар аударылды.

Соңғы жаңалықтар