Мемлекеттік хатшы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарымен кездесті

None
None
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Антонио Гутерреспен кездесті.

Кездесу барысында халықаралық өмірдің бірқатар маңызды мәселелері, оның ішінде Орталық Азияда босқындарды қорғау және көші-қон жөніндегі ІІ Министрлер конференциясын өткізу шаралары қаралды.

Сондай-ақ, әңгіме барысында тараптар қазақстандық азаматтық институттың және мемлекеттік әлеуметтік жүйенің халықаралық беделі едәуір өскендігін атап өтті.

«Қазақстан Босқындар ісі жөніндегі Бас комиссарының басқармасын БҰҰ-ның жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейдегі құндылықтары мен мақсаттарын қорғау жөніндегі қызметін жүзеге асыратын маңызды халықаралық құрылымдардың бірі ретінде қарастырады және ынтымақтастыққа ерекше мән береді», - деді Мемлекеттік хатшы кездесу соңына қарай.

Тоқтала кететін жәйт, бүгінгі таңда 15 мыңнан астам босқын Қазақстаннан пана тауып, қорғауға ие болып отыр.

Соңғы жаңалықтар