Мемлекеттік гранттардың басым бөлігін әйелдер алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік гранттардың басым бөлігін әйелдер алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер жұмыссыздық статистикасын алып қарайтын болсақ, жалпы жұмыссыздар санының 56 пайызы әйелдер, ал 46 пайызы ер адамдар. Иә, жұмыссыз әйелдер көп. Бірақ, бұл табиғи процесс. Әйелдерге жұмыспен қатар үй шаруашылығы бар. Әйелдерге «Еңбек» бағдарламасы аясында да қолдау көрсетіледі. Мемлекеттен грант алушылардың жартысынан көбі – әйелдер. Өйткені, олар табандылықпен оқиды және соған сай олар үлкен қолдауға да ие болады», - деді Ержан Біржанов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.


Соңғы жаңалықтар