Мемлекеттік функцияларға жауапты адамдардың көлеңкелі кірісін анықтау тетіктері күшейтілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл құжат заңнаманы одан әрі жетілдіру және халықаралық озық стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізу арқылы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Заң жобасы 11 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 кодекс пен 8 заңға түзетулерді қамтып отыр.

Заң жобасының негізгі міндеттері - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдардың негізсіз баюын бақылаудың алдын алу шаралары арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды тиісінше қорғауды, оның ішінде олардың еңбек құқықтарына нұқсан келмеуіне және берілген ақпараттың құпиялылығына кепілдік беру арқылы қамтамасыз ету.

Заң жобасын қабылдау:

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдардың көлеңкелі кірістерін анықтауды;

- мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының ашықтығын;

- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін теріс фактор ретінде сыбайлас жемқорлықты азайтуды;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруды;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар