Мемлекеттік еңбек инспекторлары 18,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 706 кәсіпорнында 20,1 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 430 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 886 нұсқама беріліп, 100,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд 359,9 млн теңге төленді.


Соңғы жаңалықтар