Мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге түсті – Қаржы министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 95,5% атқарылды. Республикалық бюджетке 3 трлн 455 млрд теңге түсті немесе жоспар 85% атқарылды. Кіріс бойынша жоспардың атқарылмауы 610 млрд теңгені құрады. Негізгі атқарылмау сомалары қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығына тиесілі», - деді министр Үкімет отырысындағы баяндамасында.

Оның айтуынша, корпоративтік табыс салығының атқарылмауына бірнеше фактор әсер етті: негізгі экспорттық позициялар бойынша бағаның орта есеппен 14,4%-ке құлдырауы; 854 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 229,2 млрд теңгеге төмендеуі және екінші деңгейлі банктер түсімінің 9 млрд теңгеге азаюы.

«Қосылған құн салығы бойынша жоспардың негізгі атқарылмау себептері: өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда ҚҚС қайтарудың 63,4% немесе 201,8 млрд теңгеге өсуі; «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйе деректері бойынша сату айналымдарының 11,6% азаюы. Негізгі төмендеу тау-кен өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар 2019 жылғы кезеңмен салыстырғанда 33,2% немесе 3,9 трлн теңгеге азайған; Карантин режимінің енгізілуіне байланысты іскерлік белсенділік төмендеп, шамамен 20,6 мың салық төлеуші төлемдерін 265 млрд теңгеге төмендетті; 2019 жылғы 7 аймен салыстырғанда Қазақстанның үшінші елдермен тауар айналымының 10,5%, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен 2019 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 11% төмендеуі», - деп түсіндірді Қаржы министрі.


Соңғы жаңалықтар