Мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу айрықша маңызды - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың билік органдарына сенімін нығайтуға үшін бар күш-жігерді жұмсау керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз құқықтық мемлекетті дамыту және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Бұл өте өзекті міндет. Соған орай мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу айрықша маңызды. Осы бағыттағы реформалар жүйені байыппен орталықсыздандыруды, мемлекеттік аппаратты жаңғыртуды, квазимемлекеттік секторды оңтайландыруды және барлық үдерісті цифрландыруды қамтиды», - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, сол арқылы мемлекеттік аппарат барынша ықшам, ашық әрі тиімді, ал шешім қабылдау үдерісі икемді және айқын болады.


Соңғы жаңалықтар