Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі жоғары нәтиже береді – әзербайжандық сарапшы

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік биліктің қысылтаяң жағдайлардағы оңтайлылығын, коронавирус қарсы тұру қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін ой-пікірлер көрініс тапты. Індеттің кері әсерін азайтуға мүмкіндік берген шаралар Қазақстан билігі үшін тұрғындардың денсаулығын қорғау, әлеуметтік тонусты қолдау бірінші орында тұратындығын көрсетті. Бұл пікірді Баку халықаралық мультикультурализм орталығының аға кеңесшісі, беделді әзербайжандық сарапшы Тофик Аббасов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Жолдауда ел билігі зардап шеккендерге көмек көрсетуге 450 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгені және бұл халықтың әлеуметтік тонусын қолдауға нақты көмектескені айтылады. Миллионнан астам адамның азық-түлік, тұрмыстық жиынтықтарын алып, 550 мыңнан астам отбасы «Біргеміз» қорының қатысуымен қаржылай қолдауға ие болғаны, ал барлық бастамаға Елбасының қатысуы халық пен билік арасындағы сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді. Пандемияға байланысты әлем терең құлдырауға ұшырады және алда бізді қалпына келу кезеңі күтіп тұр. Бұл кезең ауыр, қиын және капиталды қажет етеді. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың назарын шаруашылық жүргізуші субъектілердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін арттыруға аударып отыр. Ол сондай-ақ дағдарыс уақытында алға бастайтын бағдарламалар мен оң өзгерістердің негізі қаланатынын еске салады. Бұл отандастарымызды шұғыл әрі ойластырылған іс-қимыл жасауға шақыру деуге болады», – деп атап өтті сарапшы.

Сарапшының пікірінше, соңғы уақытта қабылданған іргелі бағдарламалар орасан зор реформалық әлеуетке ие және олардың орындалуы өмір сүру сапасын арттыруға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне әсер етуі тиіс.

Осылайша, Президент Қазақстан көптеген ұлттық жобалардың тағдыры шешілетін жауапты кезеңдердің біріне еніп отырғанын еске салады. Әлемдік көшбасшылар тобына кіру үшін елдің барлық қажетті алғышарттары бар. Елдің басты ресурсы табиғи байлық емес, ол – адами капитал. Оны дамыту үшін мақсатты түрде Елбасы және мемлекеттің барлық институттары жұмыс істеуде.

Фото: ru.sputnik.kg


Соңғы жаңалықтар