Мемлекеттік басқаруда заманауи технологияларды белсенді қолдану қажет – Сенат төрағасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік басқаруда заманауи технологияларды белсенді қолдану қажет. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік басқаруда заманауи технологияларды белсенді қолдану қажеттігі анық. Цирфландыру, жасанды интеллект, Big Data адамдардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне жедел үн қатуға, сонымен қатар ресурстарды оңталы әрі ұтымды пайдалануға зор мүмкіндіктер береді. Ал мұндай ресурс бізде көп емес. Бұл ретте өзіміздің жетістіктеріміз, жаңашылдықтарымыз да бар. Сонымен қатар бірқатар елдің тәжірибесін жан-жақты зерделеу қажет. Меніңше, бұл тақырып конференция барысында талқыланатын болады», - деді Сенат төрағасы «Ашық үкімет және басқарудың жаңа мәдениеті: есту, түсіну және әрекет ету» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

Мәулен Әшімбаев еліміз үшін жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілерді дайындау маңызды міндет екендігін баса айтты.

«Бүгінде елге құндылықтардың дұрыс жүйесімен дайындалған, білімді басқарушылардың жаңа буыны қажет. Бұл жайында Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан болатын. Президентік кадрлық резерв құрылды және біз осы кадрлық резервтен маңызды лауазымдарға келешегі зор жастардың орналасқанын көріп отырмыз. Мемлекет қызметке бизнестің, ғылымның және өзге де салалардың келешегі зор мамандарын шақырған жөн», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар