Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мамандықтарына түсуде ағылшын тілі талап етілмейді

2022 жылғы 26 мамыр 21:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бейіндік магистратурасына оқуға түсу талабына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызметшілерге арналған ақпарат. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бейіндік магистратура бойынша кейбір білім беру бағдарламаларына түсу үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы сертификатты талап етуді жоққа шығарды», - деді Ерлан Әбіл ҚазАқпарат тілшісімен телефон арқылы сөйлесу барысында.

Академия басшысының айтуынша, биыл құжаттар онлайн қабылданады және ол 23 шілдеге дейін жалғасады.

«Біз талапкерлер арасында ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қатысты емтихан өткізбейміз. Тек тілді меңгеру туралы сертификатты талап етеміз. Сол сияқты жоғары айтылған жаңашылдық тек магистратураға ғана қатысты. Оның өзінде барлық бағдарлама бойынша емес. Ал докторантураға мүлдем қатысы жоқ», - дейді ол.

Айта кетсек, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түскен мемлекеттік қызметкерлер магистратура бойынша 1 және 2 жыл, докторантура бойынша 3 жыл бойы білімін жетілдіріп шығады.


Автор:

Дәулет Ізтілеу

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары