Мемлекеттік басқару академиясы жергілікті басқару кадрларын даярлауға баса назар аударатын болады

None
None
күйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Алдағы уақытта Мемлекеттік басқару академиясы жергілікті басқару кадрларын даярлауға баса назар аударатын болады.

Бұл туралы бүгін аталған Академияның 2009-2010 жылғы оқу жылының салтанатты ашылуы барысында ректор Арын Орсариев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл академия негізінен жергілікті басқару саласындағы мамандарды әзірлеуге баса назар аударатын болады. Ханнс Зайдел қоры арқылы осы мақсатты жүзеге асыру үшін жергілікті жерлерден 20 қызметкер қабылданып отыр. Олардың барлығы Академиядағы магистратураны оқып бітіргеннен кейін өздерінің өңірлеріндегі жұмыс орындарына оралуы тиіс. Осылайша, Академия қабырғасында жергілікті мемлекеттік қызметкерлер дайындауға да аса ден қоятын боламыз», деді А. Орсариев. Ректордың айтуынша, алдағы уақытта академия түлектерімен жұмысты жандандыру да қолға алынатын болады. Оларды жұмысқа орналастыру мен біліктілігін арттыру мәселесіне де көңіл бөлінеді. Сонымен бірге, білім беру жүйесі бойынша басқару психологиясына қатысты әдіснамалық оқыту шараларын енгізу көзделуде.

Соңғы жаңалықтар