Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік тілді білмегендерді қабылдамайды - Жазықбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік басқару академиясына түскісі келетіндер қазақ тілін білуге міндетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлетттік қызметкерлерді қазақ тілін білуге міндеттейтін заңнамалық өзгерістер енгізу үшін мемлекеттік органдардың арнайы келісімі керек.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Дархан Жазықбаев осындай пікір білдірді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қазір мемлекеттік тілді білу мемлекеттік басқару академиясына түсушілерге ғана заңмен міндеттелгенін айтады.

«Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік басқару академиясын тек қана мемлекеттік қызметшілер ғана магистрлік, докторлық оқуларға түседі. Соған байланысты мемлекеттік тілді білу міндетін нақты кіргіздік. Яғни, қазіргі кезде академияға оқуға түсу үшін мемлекеттік тілді білу міндеті қойылды», - деді агенттік өкілі.


Соңғы жаңалықтар