Мемлекеттік басқару академиясы ғылым‑білім қызметі нарығында басқару саласы бойынша мамандар әзірлеуде көшбасшы оқу орны болып отыр

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің  7‑сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Мемлекеттік басқару академиясы ғылым‑білім қызметі нарығында басқару саласы бойынша мамандар әзірлеуде көшбасшы оқу орны болып отыр.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы жаңа оқу жылының ашылу салтанаты барысында сөз сөйлеген ректор Арын Орсариев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 «Өзі құрылған бергі он бес жылдық қызметі барысында Мемлекеттік басқару академиясы республика саяси истеблишментіне түлектер даярлауда алдыңғы қатарлы оқу орындарының қатарына ілікті. Академияны бітірушілер жоғары дәрежелі мемлекеттік саяси қызметкерлікпен қоса, ұлттық компанияларда топ‑менеджментін құрап отыр. Дәл осындай көрсеткіштер біздің  Академияның нормативтік‑құқықтық базасын құруға жағдай қалыптастырды. Академияны бітіруші барлық түлектер бірден Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің кадрлық резервіне тіркеледі. Бұның өзі оларға әкімшілік мемлекеттік қызметтер бойынша бос лауазымдарға конкурссыз өтуге септігін тигізеді», деді А. Орсариев. Оның айтуынша, бүгінгі күні Академияда мемлекеттік басқару саласы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу қолға алынған. Ал қазіргі таңда оқу орнында  65 аспирант, 39 ізденуші қызмет етуде.

Соңғы жаңалықтар