+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерге сын неге көп айтылады

2021 жылғы 24 қыркүйек 14:20
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерге сын неге көп айтылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін тұрғын үй сапасына сын неге көп айтылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада тұрғын үй меншік иелері бірлестігінің орталығы ашылды «Елорда көршілері» тұрғын үйді басқару және дамыту бағдарламасы іске қосылды Алматының «Зерделі» ықшамауданында 20 үйдің іргетасы нығайтылады

«Коммерциялық тұрғын үй мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша бой көтерген тұрғын үй сапасы әр түрлі. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынған баспананың сапасы неге нашар? Биыл мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға конкурс өткізілді. Оның қаражаты 2020 жылы бюджетке енгізіліп қойылған. Ал смета тіпті 2019 жылы жасалған. Үш жыл ішінде материалдардың құны да, жұмыстың құны да қымбаттады», - деді Талғат Ерғалиев құрылысшылар одағы отырысының алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның сөзінше, материалдардың құны жыл сайын 10%-15% өсіп отырады.

«Құрылыс компаниясы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға кіріскен кезде бюджетке енгізілген бағалар баяғыда өзгеріп кетеді. Соны білсе де, байқауға қатысушылар ғажайыпқа үміттеніп, тәуекелмен құжат өкізуге мәжбүр», - деп түсіндірді Талғат Ерғалиев.

Жоспарлы құрылыстың салдарынан осылайша жұмыстың сапасы ақсайтын көрінеді.

«Бірақ құрылысшы күткен үміт болмайтыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан ол үш жыл бұрынғы есеп бойынша бөлінген ақшаға біліктілігі төмен адамдарды жалдап, арзан материалдарды салып амалдайды. Жаңа ғана берілген үйлердің плиталары қирап, сылақтары түсіп жататыны сондықтан», - деп түйіндеді Қазақстан құрылысшылары одағының басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT