Мемлекеттік бағдарламамен пәтер алмақ болған ақтөбелік алданып қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Баспаналы болуды армандаған ақтөбеліктер миллиондарынан айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік бағдарламамен пәтер алмақ болған ақтөбелікті алаяқтар алдап кетті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақтөбелік үй алмақ болып, 5,9 миллион теңгені 39 жастағы әйелге санап берген.

«Тағы бір дерек бойынша полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күтікпен 40 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті жер алып беруге уәде етіп, 4,5 миллион теңгені иемденген. Қазір осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа жіберілді», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар