02.05.2023 16:15 Елімізде мүгедектікті растау жеңілдей түспек АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда мүгедек екенін растау процесі жеңілдей түспек. Енді қағаз тасып, мекеме аралаудың қажеті болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.04.2023 16:44 Дипломмен ауылға аттанғандар несиелерін енді Отбасы банк арқылы өтейді АСТАНА. ҚазАқпарат – «Дипломмен ауылға» жобасының қатысушылары 1 мамырға дейін банктің клиенті болып үлгеруі қажет. Әйтпесе, заемды уақытында өтеу мүмкін болмайды және несие бойынша төлемді кешіктіру қаупі туындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08.02.2023 12:34 Данэлия Төлешова тағы да АҚШ жұртшылығын өнерімен тәнті етті АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 16 жастағы қазақстандық әнші Данэлия Төлешова America' s Got Talent шоуында тағы да өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.09.2022 17:30 Ауыл мұғалімі «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ университетінің докторантурасына түсті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының Жібек Жолы ауылындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Маржан Ержан «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та докторантурада оқитын болады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
03.09.2022 20:01 Мегаполисте тұрған да жақсы, бірақ ауылға көшкенім дұрыс болды - бөдене фермасының иесі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жетісулық жас отбасы бөдене фермасын ашып, күніне 1 000 жұмыртқаға дейін өнім алып отыр. Жыл соңына дейін фермер бөдене санын ұлғайту арқылы өнім көлемін 10 мыңға жеткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01.09.2022 14:13 «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы іріктеудің екінші легінде стипендия 84 қазақстандыққа тағайындалды. Оның ішінде 78-і магистратураға, 6 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының докторантурасына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21.08.2022 20:37 Шетелде оқу мақсат емес, арманға жетудегі бір қадам болуы керек - Болашақ стипендиаты ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Алмас Хамза қазіргі уақытта АҚШ-тың Флорида штатында білімін жетілдіріп жатыр. Бес тілді еркін меңгерген жігітпен ҚазАқпарат тілшісі сұхбат құрып, оқу жайында, шетелдік білімнің ерекшелігі турасында, мұхиттың арғы жағындағы тұрмыс туралы әңгімелескен еді.
19.08.2022 12:20 Жеңілдетілген несие бағдарламасымен қанша қазақстандық автокөлік алды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Автокөлік алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы басталғалы ел тұрғындары тарапынан 31 486 өтініш түскен. Бұл туралы ҚазАқпарат тішісінің сауалына жауап береген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
08.08.2022 19:36 Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын баспана мен емге жұмсаған НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1,7 млн астам қазақстандық зейнетақы жинақтарын баспана алуға және емделуге жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап.
22.07.2022 13:35 Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 99,1 пайызға өсті ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында шілде айында 207 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.06.2022 14:14 Болашақтың дәрігер-түлектері ауылдық ауруханаларда ота жасап жүр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектері ауылдық ауруханаларда заманауи әдістермен оталар жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.05.2022 19:49 Вице-премьер Жамбыл облысында халық табысын арттыру бағдарламасының барысын тексерді ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Халықтың табысын арттыру бағдарламасының» іске асырылу барысын тексеру үшін Жамбыл облысына барды. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
30.04.2022 06:16 142 мыңға жуық қазақстандық «7-20-25» бағдарламасымен үй алуға өтінім берген НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қазақстандықтар 142 мыңға жуық өтінім жолдады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10.03.2022 11:00 Азаматтардың табысын арттыру бір құжатпен ғана шектеліп қалмайды - Премьер-Министр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет қабылдап жатқан барлық іс-шара туралы қоғам кеңінен хабардар болуы тиіс. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.02.2022 06:33 Салт-дәстүрді жастарға заман талабына сай жеткізу қажет –«Рухани жаңғыру» орталығының басшысы АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірнеше бағыты бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Орталық басшысы Нұрлыхан Хасенов «Ақтөбе» телеарнасының «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасында айтып өткендей, жобаның негізгі аудиториясы – жастар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.01.2022 03:26 Шымкентте қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп ашып жатқан жастар көп ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп ашып жатқан жастар көбейіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.01.2022 17:07 СҚО-да биыл 1600 отбасы 930 млн теңгеге атаулы көмек алады ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны азайып келеді. Былтыр 10 мыңнан астам адамға қолдау көрестілсе, биыл олардың саны 7 100 шамасында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.01.2022 10:30 Астанада «Жастар практикасына» 1 мыңға жуық адамды жіберу жоспарлануда НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 1 мыңға жуық адамды жіберу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19.01.2022 22:01 Қарағандылық жастар мен зейнет жасына жақындаған азаматтар жұмыспен қалай қамтылады ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биылғы жылы Қарағанды облысында «Күміс жас» жаңа жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Жоба зейнет жасына жақындаған азаматтарды зейнетке шыққанша тұрақты еңбекке орналастыруды қарастырады. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің осы және басқа да құралдары туралы Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар айтып берді.
28.12.2021 09:00 «Қуатты өңірлер» ұлттық жобасы: 2022 жылы қандай проблемалар шешіледі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлік теңсіздік проблемасы бүкіл әлемде бар. Мұндай жайт Қазақстанға да тән. Сондықтан да елімізде өңірлер арасындағы айырмашылықты қысқарту үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба әзірленген. Жобаның басты мақсаты – республика тұрғындарының ең негізгі проблемаларын шешу. Өңірлердегі өткір мәселелерді шешу әдістері қалай өзгереді? 2022 жылы-ақ қандай нәтижелерге қол жеткіземіз? Бұл жайында ҚазАқпараттың сараптамалық шолу материалынан біле аласыздар.