Мемлекеттік бағалы қағаздарды халықаралық жаһандық индекске қосу жұмысы жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік бағалы қағаздарды дамушы елдердің халықаралық жаһандық индексіне қосу жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Үкімет пен Ұлттық Банк арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім жөнінде» баяндаған ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банк кірістіліктің қысқа мерзімді ауытқушылығын құруды қамтамасыз етеді. Қаржы министрлігінен кіріс ауытқушылығының орта және ұзақ мерзімді сегменттерін құру үшін өзінің бағалы қағаздарының шығарылымдарын қысқартуды және ірілеуді сұраймыз»,- деді Е.Досаев.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік бағалы қағаздарды дамушы елдердің халықаралық жаһандық индекстеріне қосу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

«Бұл шетелдік инвестицияларды тартуға және қарыз алу құнын төмендетуге мүмкіндік береді»,- деді ҰБ басшысы.

Соңғы жаңалықтар