Мемлекеттік айыптаушы тергеу жетегімен кетпеуі тиіс – Бас прокурор

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік айыптаушы тергеу жетегімен кетпеуі тиіс. Бұл туралы Мемлекеттік айыптаушылар форумында Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік айыптаушының негізгі рөлі – бұл жазаның бұлтартпастығы принципін қамтамасыз ету екендігі түсінікті. Бірақ, бүгін форум қатысушыларының назарын мемлекеттік айыптаушының құқық қорғау рөліне баса назар аудартқым келеді. Мұны азаматтар бәрінен де бұрын күтіп отыр. Мемлекеттік айыптаушы тергеу жетегімен кетпеуі тиіс. Оның негізгі міндеті сотқа сотталушының кінәлі не кінәсіз екендігін ұғынуға көмектесу. Егер айыптау дәлелденбесе, онда тергеумен жалған ниеттестіктің немесе «мундир абыройы» үшін айыптауды жақтаудың еш қажет жоқ. Айыптауға бейімдік қажет емес», - деді Бас прокурор.

Оның атап өтуінше, прокурор сотта әділ, әділ әрі бейтарап болуы тиіс.

«Бұл үшін ол іс материалдарын мінсіз білуі, жауап алуды сауатты жүргізуі, тараптар мен сотқа өз ұстанымын жеткізе білуі, өз ойын анық әрі нақты жеткізуі қажет. Мемлекеттік айыптаушы дәлелдерді ұсынғаннан кейін процеске қатысушылардың бірде-бірінде оның шынайылығына қатысты еш күмән қалмауы тиіс. Егер, прокурор сауатты әрі сенімді болса, онда оған сенім артады. Шағым да, сын да азаяды», - деді Берік Асылов.


Соңғы жаңалықтар