+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Мемлекеттік аудит өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының кемшіліктерін анықтады

2021 жылғы 21 мамыр 21:35
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік аудит өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының кемшіліктерін анықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жұмысынан 10,1 млн теңгенің заңсыздығын анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жоғалған балалар өзен жағасынан табылды Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын қарайды СҚО-да жыл басынан бюджетке 75,6 млн теңге мүлік салығы есебінен түскен

2018 жылғы 01 қаңтары мен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығын қамтыған мемлекеттік аудит кезінде анықталған заңсыздықтардың жалпы сомасы - 10 млн 131 мың теңге.

«Сонымен қатар, орталықтың жұмысында кадрлық қамтамасыз ету лимиттерінің болмауы, қыздар мен ұлдарға арналған аксессуарлар мен гигиеналық тауарлардың мөлшері нақтыланбауы, кеңсе керек-жарақтары және кәмелетке толмаған бір адамға міндетті орта білім алу үшін қажетті басқа да құралдарды қаржылық қамтамасыз ету нормаларының болмауы, кәмелетке толмағандардың орталықта қысқа мерзімді болатынын ескере отырып, күніне 1 балаға дәрі-дәрмектерді босату бойынша заңнаманың жетілдірілмеуімен байланысты. Сондай-ақ, әртүрлі созылмалы, психологиялық және басқа да ауруларына байланысты қиын өмірлік жағдайға тап болған әрбір кәмелетке толмаған адамға жеке күтім қажет болса да, бәрінің бір орталықта болуы да орталық жұмысындағы ақауларға жол ашқан болуы мүмкін», - деп жазылған Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің хабарламасында.

Комитет мамандары орталыққа түскен балалардың киім-кешек нормаларын реттеуі тиіс нормативтік-құқықтық актілер арасында қайшылықтар бар екенін анықтаған. Алынатын заттарды нысанға келетін балалардың санаты мен күтім мерзімін ескере отырып жоспарлау тетігі де жолға қойылмаған.

«Заңнаманың жетілдірілмеуі кәмелетке толмағандар арасындағы құқықтық заңсыздықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу мемлекеттік саясат қағидаттарының бұзылуына әкеп соқтырған. Атап айтқанда, өмірлік қиын жағдайдағы әрбір кәмелетке толмаған адамға көрсетілетін жеке күтімнің ғылыми негізді болу қағидаты бұзылған. Осылайша, 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы бұзылған», - дейді Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Рахымжан Ділдаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT