Мемлекеттік аудит: 168 млрд теңгеге есептелген қаржылық бұзушылықтар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік аудит жұмыстарының нәтижесін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен 8 айда камералдық бақылаумен сомасы 12,3 трлн теңгеге 1 млн аса мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 4,6 трлн теңге сомада бұзушылықтар ескертілді. Мыңнан аса аудиторлық іс-шара өтіп, 603 млрд теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды. 168 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды», - деді министр Үкімет отырысында.

Спикердің айтуынша, тауар жеткізімін қалпына келтіру, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп беру бойынша 162 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды.

«Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 966 ұсыным берілді. Оның ішінде 760-ы орындалды», - деді Е. Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар