Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағыталған жоспар қабылданды - Қ.Қожамжаров

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде оның төрағасы Қайрат Қожамжаров пен Мемлекеттік қызмет саласындағы Басқарушы Өңірлік хабтың басшысы Әлихан Бәйменов өзара бірлескен шаралар жоспарына қол қойды.

Бірлескен шаралардың сипаты мен мазмұны агенттіктің ағымдағы жылдың қаңтар айында қабылдаған мемлекеттік қызметті дамыту мәселелерін шешу бойынша жоспарына сәйкестендірілген. Ол жоспардың басым бағытының бірі - мемлекеттік қызметкердің кәсіби және жеке қасиетінің профилін жасау. Бұл жұмысты тиімді іске асыру үшін ғылыми зерттеулер өткізу жоспарланып отыр.

Биылғы жылдың мамыр айында VIII Астана экономикалық форумының аясында агенттіктің қамқорлығымен мемлекеттік қызметте персоналды басқару мәселесіне арналған Жаһандық мәслихат өтеді. Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, халықаралық сарапшылармен ықпалдастық аймақтағы қызметті жетілдіріп қана қоймай, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталған мемлекеттік қызмет моделін дамытудағы өз тәжірибеңмен бөлісуге жол ашады.

Соңғы жаңалықтар