Мемлекеттік аппаратта 500-ден астам өзгеріс болды - ҚР Президенті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары мемлекеттік аппаратта 500-ден астам өзгеріс болды. Бұл туралы Ақордада Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары мемлекеттік аппарат құрылымында 500-ден астам өзгеріс орын алды. Үнемі бола берген қайта ұйымдастыру мамандардың кетуіне түрткі болды. Соның салдарынан сабақтастық үзіліп, бұл мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне әсерін тигізді», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің атап өтуінше, мемлекеттік аппарат үшін институционалды жад бірінші деңгейлі маңызға ие.

«Бөлімшенің, тіпті ведомствоның басшылары шегірткедей бір лауазымнан екіншісіне көшіп жүрсе, қандай жад жайында сөз болмақ?! Бір жыл жұмыс істегеннен кейін келесі лауазымды талап етеді. Не сол министрлікте, болмаса басқасында. Біз мәселен, Жапониядағыдай мемлекеттік қызметшілер үшін лайықты әлеуметтік пакет құруға тиіспіз. Ол жақта департамент директоры лауазымына дейін көтерілген мемлекеттік қызметші риза көңілмен зейнетке кете береді. Себебі ол ең алдымен әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілген. Екінші жағынан, олар қоғамда құрметке ие. Себебі ол белгілі бір жылдар бойы министрлікте жұмыс істеп, мемлекетінің дамуына өз үлесін қосты. Меніңше, бізде де солай болуы тиіс»,- деді Мемлекет басшысы.




Соңғы жаңалықтар