+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Мемлекеттік аппарат құрылымына реформа жасау қажет - Президент

2020 жылғы 24 қаңтар 15:42
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік аппарат құрылымына реформа жасау қажет - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік аппарат құрылымына реформа жасау қажет. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Төменгі жалақыны арттыруға бағытталған қосымша шаралар топтамасын әзірлеу қажет – Мемлекет басшысы Президент АӨК субсидиясының жыл сайын өзгеретіндігін сынады Тоқаев Үкімет пен әкімдер қай салаға басымдық беруі керектігін айтты

«Бізге мемлекеттік аппараттың құрылымын, міндеттерді, өкілеттіктерді, мемлекеттік органдардың санын айқындауға тура келеді. Әрине, мемлекеттік басқару – бұл аппарат, яғни, қоғам жетістіктер мен сәтсіздіктер үшін сұрау салатын адамдар. Бұл жерде меритократия принциптерін бекітетін, мемлекеттік ұйымдарда корпоративтік басқаруды енгізетін, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзіреттері мен өзге де мәселелерді күшейтетін байыпты реформа қажет етіледі. Жылдың соңына дейін мемлекеттік басқаруды реформалауда алға қарай сапалы қадам басуға тиіспіз», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл бағыттағы алғашқы қадам Президенттік кадрлық резервтің құрылуы болғандығын атап өтті.

«Бірақ, бұл жеткіліксіз, 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметшіден 300 адам ғана. Айтпақшы, мемлекеттік органдардың басшыларынан, әкімдерден Президенттік тізімге енген резервшілерге назар аударуды өтінемін. Ол жерде мемлекеттік қызметке лайықты жастар бар», - деді ҚР Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT